У вас есть вопрос или хотите заказать автомобиль напрокат?
+7 (701) 380 33 81 - Звоните!

Алматы қаласында үйлену тойына арналған кортежды қалай ұйымдастыруға болады?

Сапалы, әрі ақылмен ұйымдастырылған кортеж үйлену тойға ерекше бір көркін сыйлайды. Сондықтан осы мақалада сіздерге кортежді қалай үйымдастыруға болатынын, машина таңдау кезіндегі нюанстарды, қандай машинаны таңдау керектігін «Vip-Prokat.kz» агенттігінің директоры Игорь Олегович Шипилов айтып таныстырмақ. Бұл агенттік автокөліктерді жалға беру саласында 10 жылдан астам қызмет етіп келеді.

Жалға алу күнін белгілеу

Барлығымыз білетіндей жаздың күні үйлену тойлары басқа мезгілге қарағанда жиі болады. Осыған байланысты, автопарктен көліктерді жалға алу көбейеді. Сондықтан қыстың қамын жаз ойла деп, ертерек жалға алу күнін броньдап қойыңыз. Себебі, кейбір уақыттарда клиентарымыз 2 айға дейін ерте көліктерді броньдап жатады.

Ал, жаздан тыс уақытта көптеген сәнді, әдемі автокөліктеріміз сіздерді күтеді. Автопаркте 20 данаға жуық аппақ түсті Toyota Camry, Mercedes-Benz және Lexus маркалы көліктеріміз бар.

Lux, Ultra-Lux санатындағы әсем лимузиндар

Лимузиндарға келетін болсақ, «Vip-Prokat» агенттігінде өзіңіздің талғамыңызға сай неше түрлі маркадағы көліктерді таңдай аласыз. Автопарктен лимузиндардың классикасына айналған Крайслер (Chrysler), Хаммер (Hummer), Гелендвагендерді кездестіруге болады. Ең бастысы, олар соңғы технологиялы жарық, аудио жүйесімен және де арнайы бармен жабдықталған. Лимузиндардағы отыруға арналған орындардың саны: 14, 16, тіпті 20 құрайды.

Кортеждың құрамы қандай болғаны дұрыс?

Біріншіден, кортеж біріңғай, бір маркалы автокөліктерден құралғаны абзал. Екіншіден, кортеждың түсіне мән беру керек. Түсі біріңғай, біркелкі болғаны кортеждің сәнін береді.

Келесі кезекте лимузинды дұрыс таңдау керек. Лимузин кортежге массивтілік, брутальдық береді. Агенттіктің автопаркінде Қазақстан бойынша жалғыз даналы лимузиндарды кездестіресіз. Мысалыға, Mercedes-Benz Gelandewagen G 6.3 және BMW X6 лимузиндары.

Автомобильдердің саны

Көліктерді жалдамас бұрын, кортежге қатысатын қонақтардың санын анықтап алыңыз. Лимузинге неше адам отыратынын есептеп, неше адамды басқа көліктерге отырғызатыныңызды ақылмен шешіңіз. Бұның барлығы той тойлау кезіндегі аяқ астынан пайда болатын проблемалардан сақтайды. Той өзінің ұйымдастырылу деңгейімен есте қалып, қонақтардың жүрегін баурап алады.

Кортежыңызда неше автокөлік болуы керектігін өзіңіз шешесіз.Таңдау еркі өзіңізде. Әрине, 15 көліктен құралған кортеж көзге әдемі көрініп, қонақтардың есінде ұзаққа қалады. Кортеждың бастап келе жатқан автокөліктің артынан бірдей түсті, бірдей маркалы автокөліктер еріп келе жатса өте әсерлі көрінеді.

Аса мән беретін жағдайларды «Vip-Prokat» агенттігінің директоры ерекше атап өтті.

Агенттіктен автокөлікті жалға алмас бұрын менеджердан төменде көрсетілген нұсқаулықтарды сұрап алуыңызға кеңес берді. Олар:

• көліктегі мини-бардың болуы, егер болатын болса оған арнап ішімдіктерді сусындарды сатып алу қажет
• кортеж кезінде әуендердің әуездігі. Автокөліктерде арнайы тойға арналған репертуарлар бар. Бірақ ол репертуармен әркімге бір жаға бермейсің. Сондықтан өзіңіз алдын ала өлеңдерді жинақтап алғаныңыз дұрыс болады.
• кортеждың жүру бағдарын жоспарлап алып, видеооператорлар мен фотографтарға ескертіп қойыңыз. Уақыт – ақша демекші, суретке түсуді ерте ұйымдастарғаныңыз жөн.

Кортеж ұйымдастырудағы ең маңызды мәселе – оның бағдары. Бағдарды өту қиын болатын, жиі жол кептелісі болатын көшелер арқылы жоспарламаңыз. Ерінбесеңіз, тіпті бағдардың схемасын сызып немесе шығарып алып бізге ұсынсаңыз болады. Себебі біздің көлік жүргізушілеріміз қаланы жақсы біледі, бағдардың басқа да жолдарын ұсына алады.

Той болатын күні біздің менеджерымызға қоңырау шалып, көліктердің дайындығын сұрауды ұмытпаңыз. Қалай сәнделгенінде сұрап білуге болады.

Егер сапалы, сәнді, әрі көркіне сай болатын кортежды іздесеңіз бізге «Vip-Prokat» хабарласыңыз!

Сізге кереметтей автокөлікті таңдап беріп, тойыңыздың жоғарғы деңгейде өтетініне сөз береміз!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 18 үй, Төле би көшесінің қиылысы

Байланыс телефоны: +7 701 380 33 81

Жалға алуға болатын көліктердің жиынтығын осы сайтынан біле аласыз.

polosa

Последние статьи про прокат автомобилей

Наверх
click fraud detection